Тәжікстан атынан бұл отырысқа осы елдің көлік министрінің бірінші орынбасары Абдурахим Ашуров, энергетика министрінің орынбасары Абдулло Еров, ТР ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Бахром Абдуалимовтар қатысады.
Мекеме мәліметіне сәйкес, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан өкілдері халықаралық су-энергетикалық, азық-түлік және көлік консорциумдарын құру туралы тұжырымдамалар жобасын талқылайды. Аталмыш үш консорциумды құру, бірінші кезекте, аймақтағы су-энергетикалық қорды тиімді пайдалану, Орталық Азия аймағындағы төрт мемлекет арасындағы көлік қатынасын жеңілдету мәселесіне бақылау қоюға мүмкіндік береді. Су-энергетикалық және көлік консорциумдары дәл осы мәселелермен айналысады деп күтілуде. Ал азық-түлік консорциумы аймақ елдерінде азық-түлік өнімдерін өндіру, осындай өнімдермен алмасу және өзара азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелерін құзырына алады.
Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі мен Әлемдік банк өкілдері қатысатын отырыс бір күнге созылады.