Қ.Тоқаевтың айтуынша, 19-ақпанда Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымының ұлттық үйлестірушілерінің бас қосуы мен сарапшылар деңгейіндегі кездесулер өткізіліп, онда халықаралық консорциумдар құру жөніндегі ұлттық тұжырымдамалар таныстырылды.
Қырғызстан сыртқы істер министрі Асқар Айтматовтың айтуынша, кеңеске төрағалық етуші ел ретінде Қазақстан жағы бұл ұсыныстарды жиынтықтай келіп, біртұтас тұжырымдама жобасын әзірлейді. Бұдан кейін Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымы халықаралық қаржылық ұйымдарға нақты ұсыныстармен шыға алады. Консорциумдар құру тұжырымдамасының басты принципі ұйымға мүше -елдердің мүддесін қорғау және оған қайшы әркеттер жасамауға саяды.
А.Айтматовтың пікірінше, консорциумдар құрылған жағдайда Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымы аймақ елдерінің экономикалық әлеуетін мейлінше тиімді пайдалану, экономикалық және мәдени-гуманитарлық даму жолындағы кедергілерді жоюға мүмкіндік алады.