Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымы аясында халықаралық су-энергетикалық, азық-түлік және көлік консорциумдарын құру тұжырымдамасы ұйымға мүше елдердің үкімет басшыларының бас қосуында қаралады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымы аясында халықаралық су-энергетикалық, азық-түлік және көлік консорциумдарын құру тұжырымдамасы ұйымға мүше елдердің үкімет басшыларының бас қосуында қаралады

Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымы аясында халықаралық су-энергетикалық, азық-түлік және көлік консорциумдарын құру тұжырымдамасы ұйымға мүше елдердің үкімет басшыларының бас қосуында қаралады

Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кеңесі ұйым аясында халықаралық су-энергетикалық, азық-түлік және көлік консорциумдарын құру тұжырымдамасы ұйымға мүше елдердің үкімет басшыларының бас қосуына ұсынады. Бұл туралы бүгін, 20-ақпанда Алматыда өткен Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына арналған баспасөз мәслихатында ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев хабарлады.

  • 20 Ақпан 2004
  • 502
Фото - Caravan.kz

Қ.Тоқаевтың айтуынша, 19-ақпанда Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымының ұлттық үйлестірушілерінің бас қосуы мен сарапшылар деңгейіндегі кездесулер өткізіліп, онда халықаралық консорциумдар құру жөніндегі ұлттық тұжырымдамалар таныстырылды.

Қырғызстан сыртқы істер министрі Асқар Айтматовтың айтуынша, кеңеске төрағалық етуші ел ретінде Қазақстан жағы бұл ұсыныстарды жиынтықтай келіп, біртұтас тұжырымдама жобасын әзірлейді. Бұдан кейін Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымы халықаралық қаржылық ұйымдарға нақты ұсыныстармен шыға алады. Консорциумдар құру тұжырымдамасының басты принципі ұйымға мүше -елдердің мүддесін қорғау және оған қайшы әркеттер жасамауға саяды.
А.Айтматовтың пікірінше, консорциумдар құрылған жағдайда Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымы аймақ елдерінің экономикалық әлеуетін мейлінше тиімді пайдалану, экономикалық және мәдени-гуманитарлық даму жолындағы кедергілерді жоюға мүмкіндік алады.

Соңғы жаңалықтар