"Орта-Азиялық ынтымақтастық" ұйымының СІМ-нің кеңесі Орта-Азиялық экономикалық қоғамдастығы ұйымын жою туралы шешімді ресми түрде рәсімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орта-Азиялық ынтымақтастық" ұйымының СІМ-нің кеңесі Орта-Азиялық экономикалық қоғамдастығы ұйымын жою туралы шешімді ресми түрде рәсімдеді

"Орта-Азиялық ынтымақтастық" ұйымының СІМ-нің кеңесі Орта-Азиялық экономикалық қоғамдастығы ұйымын жою туралы шешімді ресми түрде рәсімдеді

"Орта-Азиялық ынтымақтастық" ұйымының СІМ-нің кеңесі Орта-Азиялық экономикалық қоғамдастығы ұйымына байланысты барлық құжаттардың күшін жойды. Бұл туралы бүгін, 20-ақпанда Алматыда өткен Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына арналған баспасөз мәслихатында ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев хабарлады.

  • 20 Ақпан 2004
  • 744
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Орта-Азиялық экономикалық ынтымақтастығы ұйымы аймақ елдерінің экономикалық ықпалдастығын үйлестіруге тиіс тұңғыш ұйым болды. Оған Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдері қамтылды. Алайда жұмыс тиімсіздігіне байланысты ұйым жойылып, соның негізінде «Орта-Азиялық ынтымақтастық» ұйымы құрылды. «Орта-Азиялық ынтымақтастық» ұйымын құру туралы келісімге ұйымға мүше-елдердің мемлекет басшыларының Алматы саммитінде 2002 жылғы 28-ақпанда қол қойылды.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, Орта-Азиялық экономикалық ынтымақтастығы ұйымын жоюға саяси және экономикалық сипаттағы бірнеше себеп әсер етті. Алайда, ҚР СІМ-нің атап көрсетуінше, ұйымның келмеске кетуіне ең бастысы ұйымға мүше елдердің экономикалық даму деңгейіндегі айырмашылықтар мен соның тікелей салдары іспетті ұйым жұмысына деген мүдделер қайшылығы тікелей себепші болды.
Сондай-ақ, Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің бүгінгі Алматыдағы кезекті отырысында ұйым елдері арасында теле- және радиобағдарламаларды алмасу туралы келісім бекітіліп, аймақтағы қауіпсіздік мәселесі сарапқа салынды.
Ұйымға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кеңесі мүшелерінің пікірінше, таяу уақыттарда аймақта қандайбір шиеленістің ушығуына ешбір себеп жоқ. Мемлекеттер тұрақтылығына қауіп төндіретін ең елеулі қауіп-қатер ретінде діни экстремистік ұйымдардың қызметі мен Ауғанстан өңірінен тасымалданатын есірткі трафигінің көлемі ұлғаю көріністерін атауға болады.

Соңғы жаңалықтар