Ауқымды шараға байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр, яғни 2019 жылы күллі түркі әлемінің мақтанышы, ұлы ғалым, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы жарлыққа қол қойған болатын.
ЮНЕСКО көлемінде аталып өткелі жатқан мерейтойға байланысты Caravan.kz медиа порталының тілшісі “Әлемнің екінші ұстазы” атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірбаянын, ол туралы қызықты деректерді назарларыңызға ұсынады.
Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірбаяны
Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки – ұлы ғалым, энцклопедист, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әл Фарабидің толық аты-жөні осылай болып келеді. Әл-Фараби 870 жылы Жібек жолы маңызды орталықтарының бірі болған Отырар қаласының маңында дүниеге келген. Ол бала кезінен сол кездегі өркениет пен мәдениеттің ірі орталықтары саналған Бұхара, Самарқанд, Мерф, Бағдат, Харран, Рей, Кайр, Шам қалаларында болып, білімін үнемі жетілдіріп отырған.
Әл-Фарабидің ғылыми қызметі
Әл-Фарабидің ғылыми қызметі ортағасырлық араб-мұсылманың гүлдену дәуіріне, яғни біздің дәуірініміздегі 10-шы ғасырдағы мұсылман ренесансына сәйкес келеді. Қазіргі таңда Әл-Фараби ойларының өзектілігі қайтадан арта түсуде. Оның көзқарасында саясат, дін және бақыттың қатынасы өзара терең көрсетілген.
Бүгінде әлем Ислам және Батыс өркениетінің текетіресу қаупі алдында тұрғанда Ислам мәдениетімен астасатын экстремистік және лаңкестік көңіл күй үдеп келе жатқан кезде ұлы философтың мұрасы адамзаттың түрлі көзқарасын шешуге көмек бере алады.
Бүгінгі күнге дейінгі оның логика, физика, этика, саяси және әлеуметтік философия, музыка мен медицинаға арналған 100-ден аса трактаттар сақталған.
Ол ең алғаш болып музыканы математикалық негізде жүйелеп, оны ғылымның бір бағыты ретінде көрсеткен.
Оның отанында, яғни Қазақстанда жетекшілік ұлттық университеттердің бірі Әбу Насыр Әл-Фараби есімімен аталады.
Ортағасырлық әйгілі философтар Әл-Фарабидің еңбектеріне сүйенген
Танымал еуропалық ұлы Альберт Кельнский секілді әйгілі ортағасырлық философтар өздерінің теориялық зерттеулерінде Әл – Фарабидің еңбектеріне сүйенген.
Араб тілін жақсы меңгерген Роджер Бекон және өзге де әлемнің ірі ғалымдары Томс Копас, Рене Декарт, Френц Спекомның еңбектерінің арқасында біз мұсылман философтарының ілімдермен таныса алдық.
Сол уақытқа тән еурацентризмге қарамастан бұл ғалымдар Ислам мәдениеті мен ғылымын мойындаған. Жалпы философияның дінге жұмыс жасауы Еуропаның ғылымда дағдарысын алып келді. Тек 14-15 ғасырларда Еуропалық ойшылдар өздерінің адасқандарын мойындады. Ал Аристотель мен Платон және өзге де грек ғалымдарының идеяларына қайта оралу сол дағдарыстан шығуға мүмкіндік берді. Сол кездегі кейбір ғалымдардың ойынша Әл-Фарабидің еңбектері Еуропаны қайта өрлеу дәуіріне, Ренесианс дәуіріне алып келді.
Әл-Фарабидің шығармашылығы
Әл-Фарабидің шығармашылығы Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің бірлігі мен түсіністігінің шын мәнінде символы болды.
Әл-Фарабидің гуманистік дүниетанымы ғылым, дін, әлеуметтану, логика, этика және эстетика мәселелерін қамтитын үйлесімді жүйеге құрылған. Қайырымды қоғам тұжырымдамасының ортасында адам мәселесі оның интеллектуалды адамгершілік жетілдіруі, жеке және қоғамдық бағытқа тырысу, жарқын болашақты іздеу орналасқан.
Өзінің әлеуметтік – саяси дүниетанымын Әл-Фараби қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактатат еңбегінде жүйелеп біріктірген.
Әл – Фараби қаланы адам ағзасына теңеген
Әл – Фараби қаланы ортақ мақсатқа жету үшін әр бөлігі өз қызметін мүлтіксіз орындап, бірге үйлесіп жұмыс жасайтын адам ағзасына теңеген. Адамдар әлеуметтік және саяси жаратылыс ретінде бақыт пен кемелдікке қол жеткізу үшін бір-біріне көмектесуі, ынтымақтасуы керек. Әл – Фараби мемлекет көшбасшысының тұлғасына көп көңіл бөледі. Көшбасшылар адамдарды игілікке жеткізу үшін туады және тәрбиеленеді. Өз дәуірінің әлеуметтік шындығын терең зерттейтін ойшыл бола тұра Әл – Фараби мемлекеттер арасындағы соғыс жағдайын жасанды деп санайды. Мемлекет қайраткерлерінің және оларды басқарушылардың кінәраттарын қатты сынайды. Ол тарапынан келтірілген адамгершілік сипаттамалар мемлекеттік қайраткелер үшін қажетті. Ақиқатқа деген сүйіспеншілік, мінездегі тектілік пен ұлылық қазір де өзінің мән-мағынасын жойған жоқ.
Әл – Фарабидің ілімдерінде бейнеленген мінсіз қоғамның бар болуы мүмкін бе?
Әл – Фарабидің ілімдерінде бейнеленген мінсіз қоғамның бар болуы мүмкін бе? Белгісіз. Мүмкін мұны тек болашақ зерттеулері анықтай алады. Алайда заманауи қоғамның кемелдікке деген талпынысын жоғалтып алмауы өте маңызды.
Бірікке Ұлттар Ұйымының барлық жүйесі әсіресе тұрақты даму аясында жаһандық мәселелердің шешімін табу үшін жұмыс атқарып жатыр.
Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық азаматтық философиясы Ұлы ойшылдың қайырымдылық идеясымен үндес. Әл-Фарабидің барша адамзатқа айтқан үндеуін еске түсіретін болсақ тек бірлесіп, бірігіп қана адамдарға бақытқа жете алады. Тек қана бір-біріне көмектесетін көптеген адамдар арқылы адам өз табиғаты бойынша белгіленген кемелдікке қол жеткізе алады.
Әл – Фараби жанжал мен соғыстан бас тартуға шақырған
Әбу Насыр Әл – Фараби өркениет философы ретінде бүкіл адамзатты ұлтымен діни ұстанымдарына қарамастан ең жақсы өмір сүруге қол жеткізу үшін күш біріктіріп, жанжал мен соғыстан бас тартуға шақырады.
Әл – Фараби өмірден қалай өткен?
Қазіргі таңда ӘЛ – Фарабидің өмірден өтуіне байланысты нақты мәліметтер жоқ. Бір деректердің айтуынша, ол өз үйінде өз ажалымен қайтыс болды деседі. Ал кейбір деректерде философ жол жүріп бара жатқанында қарақшылардың қолынан қаза тапты деп болжайды. Әл – Фарабидің қайтыс болған күні ғана нақты. Ол 951 жылдың қаңтарында қайтыс болған. Қызықтысы, ол қаланың сыртында дін басының қатысуынсыз жерленген. Қабір басында құранды билеушінің өзі оқыған. Бұл деректі кейбір авторлар жоққа шығарғысы келеді, оны нағыз мұсылман етіп сипаттайды. Фарабидің айтуы бойынша ізгі ниетті адам өлімнен қорықпауы керек, қадір қасиетін сақтап, қорқынышқа бой алдырмау керек. Өмірді ұзартуға тырысу ол тек ізгі істер жасау құралы ғана.