Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы айтарлықтай нығая түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы айтарлықтай нығая түсті

Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы айтарлықтай нығая түсті

Алдағы уақытта Форумда қозғалған мәселелер өңірдің дамуына және Орталық Азия елдерінің интеграциясын күшейтуге оң ықпалын тигізеді.

  • 13 Қыркүйек
  • 10
Фото: facebook.com/m.ashimbayev

Бұл – мемлекет басшыларының татулыққа табан тіреген дәйекті жұмысының нәтижесі. Жоғары деңгейде қалыптасқан мұндай тиімді қарым-қатынас парламентаралық бағытта да жүйелі жалғасын тауып отыр, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаты Мәулен Әшімбаев жазды.

Өзбекстанның Хиуа қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттерінің II Парламентаралық форумы өтті. Хиуа – тарихы тереңнен тамыр тартатын, тұтас өңір үшін қастерлі шаһар. Сондықтан іс-шараның бауырлас елдерге ортақ құндылықтар тоғысқан мекенде өтуінің маңызы зор.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Орталық Азия елдері арасындағы диалогты дамытуға үнемі баса мән беріп келеді. Мемлекет басшысының ұйытқы болуымен алғашқы Форумның былтыр киелі Түркістанда ұйымдастырылуы соның жарқын көрінісі. Онда Парламенттердің өңірдегі біртұтастықты арттырудағы рөлі талқыланып, бұл бағыттағы жаңа белестің берік негізі қаланды.

Жиын «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы Орталық Азия Парламенті мен өкілді билік органдарының рөлі» тақырыбына арналды. Бұл – Парламенттермен қатар Орталық Азия елдерінің өкілді органдары арасындағы байланысты арттыру жолындағы маңызды қадам.

Іс-шара аясында парламенттік дипломатияның әлеуетін пайдалану, парламентаралық комиссиялар мен достық топтарының қызметін жандандыру, әйелдер мен жастардың белсенділігін арттыру мәселелеріне де баса мән берілді.

«Сонымен қатар Форум алаңында Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен және Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасы Нұрланбек Шәкиевпен кездесіп, парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелеріне кеңінен тоқталдық. Алдағы уақытта Форумда қозғалған мәселелер өңірдің дамуына және Орталық Азия елдерінің интеграциясын күшейтуге оң ықпалын тигізеді деп сенеміз», — деп жазды ол.