"Орталық Азияда бірінші рет келіп жатқанда неге бармасқа": Дәулет Мұқаев Дженнифер Лопестің концерті туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орталық Азияда бірінші рет келіп жатқанда неге бармасқа": Дәулет Мұқаев Дженнифер Лопестің концерті туралы

"Орталық Азияда бірінші рет келіп жатқанда неге бармасқа": Дәулет Мұқаев Дженнифер Лопестің концерті туралы

ҚР мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев Астанада Дженнифер Лопестің өтетін концерті туралы ойымен бөлісті.

  • 16 Сәуiр
  • 9
Ulysmedia

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Дженнифер Лопес 1 тамызда келеді. Мен ол кезде балалардың демалысы мен өзімнің демалысым болады. Астанада, Алакөлде немесе туған жерім Семейде боламын ба білмеймін. Мен ол концертке билет алған жоқпын. Ал сол кезде Астанада нақты болатынымды білгенде алатын едім. Орталық Азияда бірінші рет келіп жатқанда неге бармасқа, көрмеске?!», — деді депутат.

Ал Жигули Дайрабаев концертке бармайтынын айтты.

Депутат қазақстандық әншілер болса баратынан айтты.

«Мен ол концертке бармаймын, қызықпаймын. Қазақстандық әншілер болса баратын едім», — деп жауап берді.

Дженнифер Лопестің концерті осы жылы 1 тамызда Астана қаласында өтпек. Astana concert компаниясының хабарлауынша келіссөз жарты жылға уақыт жүргізілген.