Орталық Азия аймағының бизнес қауымдастығының жетекшілері аймақ кәсіпкерлерінің үйлестіру кеңесін құрды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азия аймағының бизнес қауымдастығының жетекшілері аймақ кәсіпкерлерінің үйлестіру кеңесін құрды

Орталық Азия аймағының бизнес қауымдастығының жетекшілері аймақ кәсіпкерлерінің үйлестіру кеңесін құрды

Орталық Азия аймағының бизнес қауымдастығының жетекшілері аймақ кәсіпкерлерінің үйлестіру кеңесін құрды. Бұл туралы бүгін, 9-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Сәуiр 2004
  • 386
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «Орталық Азия және Ресейдің бизнес қауымдастықтарының Конгрессі» атты Үйлестіру кеңесін құру туралы шешім аймақтық сауда және инвестицияны дамыту мәселесіне арналып сәуір айының басында Бішкекте өткен дөңгелек үстелде қабылданды. Жаңа ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның іскерлік қоғамдастығының өкілдері біріккен.

Р.Баталовтың айтуынша, осындай қауымдастық құру қажеттігі көптен бері пайда болды. «Біздің пайымдауымызша, аймақтық сауда-саттық және инвестиция тарту процестеріне қойылып отырған интеграциялық талаптар өте жоғары», ал аймақ елдері арасындағы өзара ықпалдастыққа деген сұраныс үлкен»,- деді ол.
Жаңа қауымдастық жетекшісі «сауда-саттық саласындағы түрлі кедергілерді тек бизнестің күш-жігерімен тиімді азайтуға болады» деген пікірде. Кәсіпкерлердің басым бөлігі қазіргі кедергілерді жоюға болады дегенді «нақты сезіне бастады».
Р.Баталовтың пікірінше, 60 млн. халқы бар Орталық Азия рыногі «біртұтас рынок ретінде инвестиция салуға тартымды». Орталық Азия аймағы «Қытай және Ресей сынды ауқымды рыноктардың ортасында орналасуына байланысты өзара бірігудің өзектілігі артып отыр»,- дейді жаңа бірлестік жетекшісі.
Аймақтық сауда-саттықты дамыту проблемасын шешудің айрықша тиімді құралдарының бірі «кәсіпкерлік ауқымдағы өзара ықпалдастық пен билік саласына бірлескен ұсыныстар дайындап беру» болмақ. Р.Баталовтың пайымдауынша, саяси проблемаларды шешу кезеңі аяқталып келеді, сол себепті, ендігі кезекте интеграциялық, аймақтық сауда-саттық және инвестиция проблемаларына назар аудару қажеттігі туындап отыр.

Соңғы жаңалықтар