Орталық Азия елдері алдағы қыс пен егін көктейтін кезеңде су-энергетикалық ресурстарды үйлесімді пайдалануға келісті - Шүкеев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азия елдері алдағы қыс пен егін көктейтін кезеңде су-энергетикалық ресурстарды үйлесімді пайдалануға келісті - Шүкеев

Орталық Азия елдері алдағы қыс пен егін көктейтін кезеңде су-энергетикалық ресурстарды үйлесімді пайдалануға келісті - Шүкеев

Астана. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Орталық Азия елдері алдағы қыс пен егін көктейтін кезеңде су-энергетикалық ресурстарды үйлесімді пайдалануға келісті. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында вице-премьер Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Қазан 2008
  • 421
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшылары Бішкекте араласқан соң ғана бізге үшінші талпыныстан кейін 18 қазанда Алматыда өткен Орталық Азия елдерінің вице-премьерлерінің кездесуінде 2008 — 2009 күз-қыс маусымындағы аса күрделі вегетациялық кезеңді өткізу туралы келісімге қол қоюға мүмкіндік туғанын қуанышпен жеткіземін «, — деді Ө.Шүкеев.

«Бұл біздің тәуелсіздік тарихымыздағы осындай алғашқы 5 жақты келісім. Осындай төрт жақты Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы келісім 2004-2005 жылдары жұмысын тоқтатты. Бұдан кейін су, отын, энергия тарату, біртұтас энергетикалқ жүйенің ықпалдастығы проблеманы жан-жақты қамти алмайтын екіжақты келісімдердің негізінде жүзеге асырылып келді. Соның салдарынан су және электр қуатымен қамтамасыз етуде үзілістер болып келді».

«Осы жолы біз Түрікменстанда тарттық, өйткені, оның электр қуатынсыз Орталық Азияның энергетикалық жүйесінде тепе-теңдік орнату биыл мүмкін болмайтын еді». Вице-премьердің айтуынша, Түрікменстан «электр қуатының қосымша көлемін Тәжікстан мен Қырғызстанға сатуға, ал Өзбекстан электр қуатының транзитін қамтамасыз етуге міндеттеме алды «.

«Біз, Өзбекстан, Қазақстан мен Түрікменстан Тәжікстан мен Қырғызстанға вегетацияны қамтамасыз ету үшін Тоқтағұлда су деңгейін сақтау үшін бар мүмкіндікті пайдаланып, жәрдемдесетін боламыз «, — деп мәлімдеді Ө.Шүкеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар