Орталық Азия елдері алдағы қыс пен егін көктейтін кезеңде су-энергетикалық ресурстарды үйлесімді пайдалануға келісті - Шүкеев (толық нұсқасы)
Астана. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Орталық Азия елдері алдағы қыс пен егін көктейтін кезеңде су-энергетикалық ресурстарды үйлесімді пайдалануға келісті. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында вице-премьер Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Мемлекет басшылары Бішкекте араласқан соң ғана бізге үшінші талпыныстан кейін 18 қазанда Алматыда өткен Орталық Азия елдерінің вице-премьерлерінің кездесуінде 2008 - 2009 күз-қыс маусымындағы аса күрделі вегетациялық кезеңді өткізу туралы келісімге қол қоюға мүмкіндік туғанын қуанышпен жеткіземін ", - деді Ө.Шүкеев.
"Бұл біздің тәуелсіздік тарихымыздағы осындай алғашқы 5 жақты келісім. Осындай төрт жақты Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы келісім 2004-2005 жылдары жұмысын тоқтатты. Бұдан кейін су, отын, энергия тарату, біртұтас энергетикалқ жүйенің ықпалдастығы проблеманы жан-жақты қамти алмайтын екіжақты келісімдердің негізінде жүзеге асырылып келді. Соның салдарынан су және электр қуатымен қамтамасыз етуде үзілістер болып келді".
"Осы жолы біз Түрікменстанда тарттық, өйткені, оның электр қуатынсыз Орталық Азияның энергетикалық жүйесінде тепе-теңдік орнату биыл мүмкін болмайтын еді". Вице-премьердің айтуынша, Түрікменстан "электр қуатының қосымша көлемін Тәжікстан мен Қырғызстанға сатуға, ал Өзбекстан электр қуатының транзитін қамтамасыз етуге міндеттеме алды ".
"Біз, Өзбекстан, Қазақстан мен Түрікменстан Тәжікстан мен Қырғызстанға вегетацияны қамтамасыз ету үшін Тоқтағұлда су деңгейін сақтау үшін бар мүмкіндікті пайдаланып, жәрдемдесетін боламыз ", - деп мәлімдеді Ө.Шүкеев.
"Бұл келісімде әр тараптың міндеттемелері айқын көрсетілген: Өзбекстан шартта көрсетілгеннің сыртында Қырғызстанға 150 млн текше метр газ береді, біз мазут пен көмір беріп, келесі жылдың вегетациялық маусымына арналған төлемді алдын-ала жасауға міндеттеме алдық. Бұған жауап ретінде Қырғызстан электр қуатын қатаң үнемдеуге кірісіп, жылу электр станцияларн толық іске жегіп, қысқа 30 пайыздық шектеу қоюға міндетті", - деді Ө.Шүкеев.
Ол Қырғызстанда "қазірдің өзінде тәулігіне 12 сағат шектеу қойылып, үш фазалы көздер өшіліліп жатқанын, тіпті балалардың демалысы желтоқсаннан наурызға дейін созылатынын", айтты. "Біз барлығымыз 1 сәуірден бастап вегетациялық маусым басталған кезде Тоқтағұлда кем дегенде биылғыдан кем емес көлемде су болуын қадағалап, келісуге тиіспіз ", - деді Ө. Шүкеев.
"Келесі вегетациялық маусымда Өзбекстан мен Қазақстан 1 млрд 200 млн кВт/сағ электр қуатын сатып алу арқылы суару маусымын қамтамасыз етеді. Келісімде көрсетілгендей, ОҚО Мақтаарал ауданында Достықта секундына 700 текше метрге дейін су ағыны қамтамасыз етілуге тиіс", -деді үкімет басшысының орынбасары.
Дегенмен, вице-премьердің пікірінше, "біз ОҚО-ның Мақтаарал ауданында егістіктерлді қысқарту жайын ойластыруымыз қажет. Биыл осындай жұмыстар басталып, астық, люцерна мен бақшалық дақылдарды өсіретін алаңдар ұлғайтыла бастады, бірақ жаман айтпай жақсы жоқ, келеңсіз ахуалға дайындала берген жөн".
"Қырғызстан мен Тәжікстан қатаң үнемдеуге көшетіндіктен, біртұтас энергетикалық жүйеде үзілістер болуы мүмкін. Кейінгі кезде Өзбекстан жағынан қуат тастауға қатысты 30 оқиға тіркелу салдарынан біз 200 мВт дейін шектеу енгізуге мәжбүр болдық", -деді Ө. Шүкеев. "Біздің оңтүстік төрт облысымыздың әкімдерінің орынбасарлары энергетикалық жүйедегі диспетчерлік жағдайын қатаң қадағалап, энергетикалық жүйелердің басты жабдықтарының ахуалын бақылап отыруға тиіс, - деді вице-премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін