Орталық Азия елдері күш біріктіру арқылы қауіпсіздікке төнген қатерлерге тиімді жауап қата алады - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азия елдері күш біріктіру арқылы қауіпсіздікке төнген қатерлерге тиімді жауап қата алады - Назарбаев

Орталық Азия елдері күш біріктіру арқылы қауіпсіздікке төнген қатерлерге тиімді жауап қата алады - Назарбаев

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Орталық Азия елдері күш біріктіру арқылы қауіпсіздікке төнген қатерлерге тиімді жауап қата, аймақтағы тұрақты дамуды қамтамасыз ете алады. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Қараша 2008
  • 553
Фото - Caravan.kz

«Біз тек күш біріктіру арқылы ғана қауіпсіздікке төнген қатерлерге тиімді жауап қата, аймақтағы тұрақты дамуды қамтамасыз ете аламыз», — деді Н.Назарбаев.

Орталық Азия елдерімен ықпалдастық — Қазақстанның айрықша маңызды басымдықтарының бірі болып қала береді, деді президент. «Көршілес елдермен меймандос көршілік, бауырластық байланыстардың негізінде біз нақты бағдарламалық аймақтық интеграцияны ілгерілете түсуге күш салатын боламыз», -деді Н.Назарбаев.

Сонымен бірге, мемлекет басшысының атап көрсетуінше, Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтар арасында Еуропалық Одақпен қарым-қатынас айрықша орын иемденеді. «Бұл біздің ең ірі сауда- экономикалық серіктесіміз. Бүгінде көптеген еуропалық елдер Қазақстанды Орталық Азиядағы басты стратегиялық серіктесі ретінде бөле-жара атайды», -деді президент.

«Тамыздың аяғында мен бекіткен «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы Еуропа елдерімен арадағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізеді», — деді Н. Назарбаев.

«Қазір біздің сауда-саттығымыз $25 млрд жетеді, ол өсе түсуге тиіс. Біздің ресурстарымыздың, біз жүргізіп отырған саудамыздың орнына Қазақстанға Еуропа елдерінің ірі және шағын бизнесі келгенін, инновациялары мен жаңа технологиялары келгенін қалаймыз. Сіз бен біздің ортақ мақсатымыз — осы», -деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар