Орталық Азия елдері үшін инфрақұрылымды дамытуға арналған инвестиция көлемін екі есе ұлғайту қажет - Азия даму банкі - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азия елдері үшін инфрақұрылымды дамытуға арналған инвестиция көлемін екі есе ұлғайту қажет - Азия даму банкі

Орталық Азия елдері үшін инфрақұрылымды дамытуға арналған инвестиция көлемін екі есе ұлғайту қажет - Азия даму банкі

Орталық Азия елдері экономикалық өсімді сақтау және кедейлікті азайту үшін 2005-2010-жылдар аралығында мұнайгаз саласын қоспағанда, инфрақұрылымды дамытуға арналған инвестиция көлемін екі есе ұлғайтып, 2-3 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу қажет. Бұл туралы Стамбулда өткен жоғары деңгейдегі семинар барысында Азия даму банкінің Шығыс және Орталық Азия елдері департаментінің бас директоры Сатиш Рао мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне банктің бспасөз қызметінен.

  • 10 Мамыр 2005
  • 694
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 2002-2004-жылдар аралығында жиынтық Жалпы ішкі өнімі 9,2 процентті құрап, қарқынды дамып келе жатқан аймақта Кеңестік кезеңде салынған темір жолдар, автомагистралдар, телекоммуникациялық жүйелер мен құбыр желілерін тез арада жаңалау қажет. Ол Орталық Азия елдері мен халықаралық рынок арасындағы байланысты жақсартуға септігін тигізбек.

ҚР қаржы министрінің орынбасары Айдар Әріпхановтың айтуынша, Қазақстандағы инфрақұрылымды дамытуға арналған мемлекеттік инвестицияларды күрделі қаржы және басқарушылық тәжірибесімен бөлісу арқылы жеке меншік сектор да әжептәуір толықтыра алады. Инвестиция салатын негізгі салалар қуат өндіру саласының инфрақұрылымы, әуе және темір жол трансорты, телекоммуникациялар мен су қамтамасыздығы жүйелері болмақ, деді ол.

Перейти к новостям спорта