Орталық Азия елдерінде БҰҰ-ның есірткіге қарсы жаңа күрес жобалары жүзеге асырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азия елдерінде БҰҰ-ның есірткіге қарсы жаңа күрес жобалары жүзеге асырылады

Орталық Азия елдерінде БҰҰ-ның есірткіге қарсы жаңа күрес жобалары жүзеге асырылады

Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан Республикаларында БҰҰ-ның есірткімен күрес жөніндегі жаңа бес жобасы жүзеге асырылады. Өйткені, Ауғанстаннан Еуропаға бағытталатын есірткі тасамалы осы елдер арқылы өтеді ,- деп хабарлайды БҰҰ-ның ресми сайты.

  • 24 Маусым 2003
  • 553
Фото - Caravan.kz

Қауіпсіздік Кеңесінің 17-маусымдағы отырысында Ауғанстан апиыны мен героинының жолында қалқан ролін атқаратын мемлекеттерге қолдау көрсетуді күшейту жөнінде шешім қабылданды.

Тәжікстанда осы бағытта халықаралық 13 жоба жүзеге асырылуда. 1-шілдеден бастап бұл республикада БҰҰ-ның есірткі мен қылмысқа бақылау қою басқармасының тағы үш жобасы жұмыс істей бастайды. Тәжікстанның БҰҰ-дағы өкілі Рашид Алимовтың айтуынша, «аталмыш жобаларды жүзеге асыру — қаржылық қолдау, арнайы техника және жабдықпен қамтамасыз ету, Тәжікстан күш құрылымдары мен құқық қорғау мекемелері қызметкерлерін, сондай-ақ, Ресей Федерациясының Тәжікстандағы Федералдық шекара қызметінің шекарашыларын оқыту арқылы заңсыз есірткі тасымалына тосқауыл қоюға бағытталады».
Ал Қырғызстанда БҰҰ-ның көмегімен Тәжікстандағы сияқты есірткіге бақылау қою Агенттігін құру туралы шешім қабылданған. Өзбекстанда жүзеге асырылатын жаңа жобаның мақсаты — прокуратура қызметкерлеріне арнап ұлттық мәліметтер жинағын құру болып табылады.

Соңғы жаңалықтар