Орталық Азия елдерінің мамандары бейнеконференция өткізіп, онда аймақтық жоғары оқу орындарын несиемен оқыту жүйесіне көшіру проблемасын талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азия елдерінің мамандары бейнеконференция өткізіп, онда аймақтық жоғары оқу орындарын несиемен оқыту жүйесіне көшіру проблемасын талқылайды

Орталық Азия елдерінің мамандары бейнеконференция өткізіп, онда аймақтық жоғары оқу орындарын несиемен оқыту жүйесіне көшіру проблемасын талқылайды

Бүгін, 27-қарашада Алматы, Астана, Бішкек және Душанбе қалаларының арасында "Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарын несиемен оқыту жүйесіне көшіру" тақырыбында бейнеконференция өтеді. Бейнеконференцияны "Білім беру желісі" атты қоғамдық ұйым, Қазақстан жоғары оқу орындарының қауымдастығы мен Әлемдік банк бірлесе ұйымдастырып отыр,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Қараша 2003
  • 582
Фото - Caravan.kz

Шараға Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан республикаларының жетекші жоғары білім ошақтары мен білім министрліктерінің өкілдері қатысады. Бейнеконференцияда Орталық Азия елдерінде несиемен оқыту жүйесіне көшу себептері, соның салдарынан аймақтағы жоғары оқу орындарына тап келетін тауқыметтер туралы талқыланады. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарын несиемен оқыту жүйесіне көшіру нәтижесінде пайда болатын перспективалар да сарапқа салынбақшы.

Аймақтық жоғары оқу орындарын өзара интеграциялау жолдары мен халықаралық білім беру стандарттарын қолданысқа енгізу жөніндегі біртұтас стратегия жобасын жасау мәселелері де жеке тақырып ретінде талқыланбақшы.
Бұл — «Білім беру желісі» атты қоғамдық ұйымның 2003-жылдың көктемінен бері өткізіп келе жатқан осы тектес шараларының бірі болып табылады. Мемлекеттік құрылымдар, білім беру ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері ай сайын екі мәрте бас қосып, жоғары білім беру саласындағы өзекті проблемаларды талқылауды әдетке айналдыра бастады.

Соңғы жаңалықтар