Орталық Азия елдерінің өкілдері ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісімге қол қояды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азия елдерінің өкілдері ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісімге қол қояды

Орталық Азия елдерінің өкілдері ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісімге қол қояды

СЕМЕЙ. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Орталық Азиядағы бес елдің өкілдері ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісімге қол қою мақсатымен Семейге келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 8 Қыркүйек 2006
  • 372
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Семейге ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев, Қыргызстан СІМ Аликбек Джекшенкулов, Өзбекстан СІМ Владимир Норов келді. Тәжікстан атынан осы елдің сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Саймумин Ятимов, Түрікменстан атынан осы елдің Қазақстандағы елшісі Мухамед Абалаков қатысады.

Сондай-ақ, құжатқа қол қою рәсіміне МАГАТЭ бас директорының орынбасары Юрий Соколов, БҰҰ-ның Азия мен Азия-Тынық мұхиты аймағындағы бейбітшілік және қару мәселелері жөніндегі орталығының директоры Цутоми Ишигури, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың жетекшілері, соның ішінде Ресей елшісі Владимир Бабичев, Қытай елшісі Чжан Сиюнь, Қазақстандағы БҰҰ жүйесінің үйлестірушісі Юрико Шоджи, БҰҰ-ның бейбітшіәлік мәселелері жөніндегі Женева институтының вице-президенті Джозеф Голдблат келді.

Шараға сондай-ақ халықаралық және бейресми ұйымдардың өкілдері, соның ішінде халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының, «Полигон -29-тамыз» халықаралық қайырымдылық қорының өкілдері қатысады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта