Орталық Азия елдерінің сарапшылары Ташкентте өтіп жатқан конференцияда аймақтық қауіпсіздік мәселесін талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азия елдерінің сарапшылары Ташкентте өтіп жатқан конференцияда аймақтық қауіпсіздік мәселесін талқылайды

Орталық Азия елдерінің сарапшылары Ташкентте өтіп жатқан конференцияда аймақтық қауіпсіздік мәселесін талқылайды

Бүгін, 2-ақпанда Ташкентте Орталық Азия аймағындағы аймақтық қауіпсіздік мәселесіне арналған халықаралық бас қосу басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Өзбекстан президентінің жанындағы халықаралық стратегиялық зерттеулер институтынан хабарлады. Институт кездесуді ұйымдастырушылардың бірі болып табылады.

  • 2 Ақпан 2004
  • 395
Фото - Caravan.kz

Орталық Азия елдерінің сарапшылары аймақтық ынтымақтастықты нығайту жолдары мен қауіпсіздік мәселесі бойынша өзара ықпалдастық тақырыптарын талқылауда. Бас қосуға қатысушылар сондай-ақ, аймақтық және халықаралық сипаттағы өзекті мәселелерді әңгімеге арқау етпекші. Атап айтсақ, халықаралық лаңкестікпен, діни экстремизммен және есірткі тасымалымен күрес мәселелері сарапқа салынады.

Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Германия және АҚШ сарапшылары мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысуда. Қазақстандық өкілдер құрамына қорғаныс министрлігінің, сыртқы саясат және талдау орталығының, лаңкестікке қарсы іс-шараларға ықпалдастықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық қордың өкілдері еніп отыр.
Бас қосу барысында Орталық Азия аймағындағы өңірлік қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған нұсқаулар жобасы жасалады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар