Орталық Азия елдерінің табысты дамуы үшін жаҺанданудың кері әсерлерін еңсеру қажет - вице-премьер Мыңбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азия елдерінің табысты дамуы үшін жаҺанданудың кері әсерлерін еңсеру қажет - вице-премьер Мыңбаев

Орталық Азия елдерінің табысты дамуы үшін жаҺанданудың кері әсерлерін еңсеру қажет - вице-премьер Мыңбаев

"Орталық Азия елдерінің табысты дамуы үшін әлемнің ашықтығынан түсетін пайданы жоғары деңгейде пайдалана отырып, жаҺанданудың кері әсерлерін еңсеру қажет". Бұл туралы бүгін, 25-мамырда БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған арнаулы бағдарламасы - СПЕКА-ның халықаралық конференциясының ұйымдастыруымен мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ба сқосудың ашылуында сөз сөйлеген ҚР вице-премьері- индустрия және сауда министрі Сауат Мыңбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Мамыр 2005
  • 1039
Фото - Caravan.kz

«СПЕКА-ға мүшелікке енген елдердің болашағы осы мәселені дұрыс шешуге тікелей байланысты»,- деді үкімет басшысының орынбасары. С.Мыңбаевтың пікірінше, «Орталық Азия елдері ғаламдық бәсекелестікке бірдей мүмкіндікпен қатыса алмай отыр». «Бұл — Орталық Азия елдерінің экономикалық әлеуеті деңгейіне, ішкі рыногының сыйымдылығына, технологиялық даму деңгейіне, геосаяси факторларға байланысты»,- дейді ол.

«Субьективтік сипаттағы кейбір факторлар да бар. Біздің елдердегі экономикалық жаңартулар түрлі қарқынмен, түрлі бағытта әрі өзара үйлесімсіз жүргізіліп жатыр»,- деді С.Мыңбаев.
«Орталық Азия елдерінің экономикалық даму жолындағы қиындықтар жаһанданудың қауіп-қатерлеріне сезімталдықты арттыра түсуде», дейді С.Мыңбаев. Оның пікірінше, «бұл — аймақ елдерінің бәсекелестік қабілетінің төмендігіне байланысты. Мұнайгаз қоры бар елдер ғана қолайлы мүмкіндіктерге ие»,- деді вице-премьер.
«Аймақ елдері үшін маңызды мақсат — нарықтық реформаларды жүзеге асыру болмақ». «Аймақ елдерінің экономикасында құрылымдық өзгертулер жүргізу қажет. Ең бастысы, аймақтық ынтымақтастық пен интеграцияны дамытқан жөн»,- дейді С.Мыңбаев. Оның пікірінше, «бір-бірінен оқшаулану мен дүдәмал бәсекелестіктің келешегі жоқ. Ол аймақ елдерінің тіптен артта қалуына апаратын жол».

Перейти к новостям спорта