Орталық Азия елдерінің Жалпы ішкі өнімінің жиынтық көлемінің 70% жуығы Қазақстан үлесіне тиесілі - Қазақстан үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азия елдерінің Жалпы ішкі өнімінің жиынтық көлемінің 70% жуығы Қазақстан үлесіне тиесілі - Қазақстан үкімет басшысы

Орталық Азия елдерінің Жалпы ішкі өнімінің жиынтық көлемінің 70% жуығы Қазақстан үлесіне тиесілі - Қазақстан үкімет басшысы

Алматы. 9 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Орталық Азия елдерінің Жалпы ішкі өнімінің жиынтық көлемінің 70% жуығы Қазақстан үлесіне тиесілі. Бұл туралы бүгін үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "Орталық Азия. Инвестициялық мүмкіндіктер. Жаңа Жібек Жолы" конференциясы барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 9 Қыркүйек 2008
  • 870
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның үлесіне Орталық Азия елдерінің Жалпы ішкі өнімінің жиынтық көлемінің 70% жуығы тиесілі. Еліміздің жыл сайынғы экономикалық өсімі кейінгі бес жыл бойы орта есеппен 10% құрады. Жалпы Орталық Азия өңірінің экономикасына салынған тікелей шетелдік инвестицияның 80% астамы Қазақстанның үлесінде. Қазақстан экономикасына құйылған тікелей шетелдік инвестиция $70 млрд асты», -деді Кәрім Мәсімов.

Премьер-министр өткен жылдың жазында болған ғаламдық несилік дағдарыстан бері Қазақстанда күтілген экономикалық өсім қарқыны қысқарғанын атап өтті. «Біз қазір басты шараларды экономикалық даму тұрақтылығын кепілдендіруге, өсімге қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге бағыттап отырмыз. Олар — инфляция деңгейін бір орынды санға дейін төмендету, банк секторын күшейту және фискалық тәртіпті сақтау»,-деді ол.

Сонымен бірге Кәрім Мәсімов «жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша экономикалық өсім 5 пайызды құрағанын, қолайлы инвестициялық ахуалды сақтап қалу мүмкіндігі туғанын» атап өтті. «Жарты жылда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі $12,5 млрд асты, ал бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 12,5% артық. Біз бұрынғыдай елімізге келетін шетелдік инвестицияларды ұлғайтуға бағдар ұстай береміз», — деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар