Орталық Азия ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізімінде ең аз көрсетілген өңірлердің бірі - kaz.caravan.kz
  • $ 510.58
  • 571.8
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азия ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізімінде ең аз көрсетілген өңірлердің бірі

Орталық Азия ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізімінде ең аз көрсетілген өңірлердің бірі

Бүгінгі күні Орталық Азия ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізімінде ең аз көрсетілген өңірлердің бірі болып табылады.

  • 5 Қыркүйек 2011
  • 501
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық Азия елдерінің ЮНЕСКО істер жөніндегі Ұлттық комиссияларының өңірлік кеңесінде Астана қаласының әкімі-ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының төрағасы Иманғали Тасмағамбетов айтты.

«Тарихымыз бен мәдениетіміздің материалдық айғақтығын жоғалтып алмау өте маңызды. Өкінішке қарай, бүгінгі күні Орталық Азия ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізімінде ең аз көрсетілген өңірлердің бірі болып табылады. Қазір оған өңірдің 5 елінің 11 мәдени және 1 табиғи мұра нысандары еніп отыр. Бұл ретте, елдердің және трансшекаралық нысандарды бұл тізімге ғана емес, ЮНЕСКО-ның өзге де беделді құжаттамаларының, атап айтқанда ЮНЕСКО-ның «Әлем естелігі» құжаттамалық мұралардың бүкілдүниежүзілік тізіміне, ЮНЕСКО-ның елеулі даталар мен оқиғалардың күнтізбесіне, материалдық емес мәдени мұралар тізіміне және тағы басқаларына енгізу қажет», — деп атап өтті ол.

И.Тасмағамбетовтың айтуынша, қазіргі уақытта Орталық Азия елдері Дүниежүзілік мұра тізіміне трансшекаралық аса маңызды екі номинацияны енгізу жұмыстарын жүргізуде. «Олар — Қытай мен Орталық Азиядағы Ұлы Жібек Жолының ескерткіштері және батыс Тянь-Шань. Дәріптеу және ең бастысы, өңірдің мәдени және табиғи мұраларын сақтап қалуға бағытталған бұл аса маңызды бастамаларды өміршең ету — номинацияның авторлас елдері үшін бірінші кезектегі міндет болуы тиіс», — деп түйіндеді ол.