5-шілдеде Астанада өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің саммитінде Өзбекстан президентінің өз елі аумағындағы АҚШ әскери базасына қатысты жасаған мәлімдемесіне түсініктеме берген елші базаның екі жақты келісіссөздер негізінде орналастырылғанын және АҚШ-тың бұл принциптен алдағы уақытта да ауытқымайтынын атап өтті.
Елшінің айтуынша, Өзбекстан аумағында әскери базаны орналастыру мерзіміне қатысты келіссөздер одан әрі жалғасуда. «Егер Өзбекстан өкіметі әріптестікке көңілі толмайтынын білдіргісі келсе, олар бізге келетін жолды біледі»,- деді елші.
Дж.Ордвейдің айтуынша, АҚШ Орта Азия аймағын «АҚШ-тың басқа да «сыртқы күштермен» саяси бәсекелестік өрбітетін аумақ ретінде» қарастырмайтынын атап өтті. «Біз Ресеймен және Қытаймен жақсы қарым-қатынастамыз. Ал Орталық Азия аймағындағы елдермен де жақсы қарым-қатынас орнатудан ешбір қиындық көріп тұрғамыз жоқ»,- деді ол.
«АҚШ-тың Ауғанстандағы базалары бітімгершілік миссиясы аяқтала сала жойылатын болады»,- деп сендірді елші.