Жарияланды: 360

Орталық Азияда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Өзбекстан маңызды роль атқарып отыр

Өзбекстан мен ЕҚЫҰ арасында одан әрі ынтымақтасу мәселелері президент Ислам Кәрімовтің ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Литва Республикасының сыртқы істер министрі Аудронюс Ажубалиспен кездесуі барысында қаралды.

"Кездесу барысында аймақтық қауіпсіздік, Өзбекстандағы демократиялық қайта құрулар, ЕҚЫҰ-мен ынтымақтасу перспективалары талқыланды", деп хабарлады А.Ажубалис Ташкентте сәрсенбіде баспасөз мәслихатында. Орталық Азияда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Өзбекстан маңызды роль атқарып отыр, оның ішінде терроризмге қарсы күресте, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте, адам сатуға қарсы күрестегі орны елеулі, деп атап өтті ЕҚЫҰ төрағасы. Өткен жылы Қырғызстанның оңтүстігінде орын алған қайғылы оқиғаларға тоқтала келе ол тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Өзбекстан басшылығының іс-қимылдарын жоғары бағалады. ЕҚЫҰ төрағасы елді демократияландыру жөніндегі әрекеттерге позитивті баға берді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть