Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі резолюцияны 128 мемлекет қолдады - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі резолюцияны 128 мемлекет қолдады - ҚР СІМ

Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі резолюцияны 128 мемлекет қолдады - ҚР СІМ

АСТАНА. 6-қараша. Kazakhstan Today. БҰҰ Бас ассамблеясының бірінші комитеті "Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру" туралы қарарды қабылдады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Қараша 2006
  • 474
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 30-қазанда өткен дауыс беру барысында 128 мемлекет резолюцияны қолдады.

Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, бұл қарардың мәтінін 8-қыркүйекте Семейде Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі келісімге қол қою қорытындысы бойынша БҰҰ-ның жанындағы Орталық Азия елдерінің миссиясы дайындаған болатын.

БҰҰ Бас ассамблеясының бірінші комитетінің отырысы аясында делегациялар осындай аймақтың құрылуы ғаламдық қауіпсіздікті нығайту саласындағы айрықша маңызды жетістік деп атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта