Орталық Азияда жердің шөлейттенуімен күрес жөніндегі 1,4 млрд. доллардың бағдарламасы іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азияда жердің шөлейттенуімен күрес жөніндегі 1,4 млрд. доллардың бағдарламасы іске қосылды

Орталық Азияда жердің шөлейттенуімен күрес жөніндегі 1,4 млрд. доллардың бағдарламасы іске қосылды

АЛМАТЫ. 16-қараша. Kazakhstan Today. Орталық Азия елдерінің жер ресурстарын басқару жөніндегі бастамасы аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанда құны 1,4 млрд. доллардың 2006-2015-жылға дейін есептелген жердің шөлейттенуімен күрес жөніндегі бағдарлама жүзеге асырыла бастады. Бұл туралы Азия даму банкінің Орталық және Батыс Азия департаментінің ауылшаруашылығы, қоршаған орта және табиғи ресурстар бөлімінің жобалар жөніндегі бас маманы Роберт Эверитт бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 16 Қараша 2006
  • 543
Фото - Caravan.kz

«Осынау әріптестікті Азия даму банкі үйлестіреді. Бұл бастаманы қолдап отырған Ғаламдық экологиялық қор 2006-жылдың тамыз айында 20 млн. доллардың грантын бөлді»,- деп хабарлайды Азия даму банкінің өкілі.

«Орталық Азия елдерінің жер ресурстарын басқару жөніндегі бастамасы аясындағы бағдарлама әр елдің бағдарламасынан құрастырылған Ұлттық рамкалы негізге бағынады»,- деді Роберт Эверитт. «2008-жылдың аяғына дейін 155 млн. доллар бөлінеді»,- деді ол.

«Бұл бастама Орталық Азиядағы бес елдің бірегей инновациялық жобасы болып табылады»,- деді ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық проблемалар, ғылым және мониторинг департаментінің директоры Болат Бекниязов. «Бұл бастама мен стратегиялық әріптестік қазір дүниежүзінде қолдауға ие болуда»,- деді ол.

Б.Бекниязовтың айтуынша, Орталық Азия елдерінің жер ресурстарын басқару жөніндегі бастамасының мақсаты — Орталық Азия аймағындағы бес елдің аумағындағы шөлейттеніп құлдырауға ұшыраған жерлердің аумағын қысқартуға бағытталады. Сол арқылы ол осы елдерде тұратын халықтың әл-ауқатын жақсартуға, сондай-ақ, осы өңірдегі абсқа да экологиялық проблемаларды шешуге септігін тигізбек.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанда шөлейттенуге ұшыраған 180 млн. гектардай жер бар. Орталық Азия елдерінің арасынан Қазақстан шөлейттенуге ұшыраған аумағына қарай бірінші орында, ол 66 процентке тең. Еліміздегі суғаруға келмейтін егіндіктер ауқымы 24 млн. гектарға тең. Оның 10,4 млн. гектары шөлейттенген. 17 млн. гектарға жуық жер гумустан айрылу, тұздану, химиялық улану және топырақтың эрозияға ұшырауы салдарынан егіндік жер аясынан шығарылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта