Орталық Азиядағы ахуалды стратегиялық белгісіздік ахуал деп бағалауға болады -Өзбекстан президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азиядағы ахуалды стратегиялық белгісіздік ахуал деп бағалауға болады -Өзбекстан президенті

Орталық Азиядағы ахуалды стратегиялық белгісіздік ахуал деп бағалауға болады -Өзбекстан президенті

Орталық Азиядағы ахуалды стратегиялық белгісіздік ахуал деп бағалауға болады. Мұнда шешуді талап ететін бірқатар аса күрделі түйіндер бар. Бүгін, 5-шілдеде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Шiлде 2005
  • 539
Фото - Caravan.kz

«Жалпы Орталық Азия аймағы мен осындағы жекелеген елдерде тұрақсыздық белең алу қаупі мен ахуалдың қас қағымда өзгеруі, және осындай құбылыстардың тасасында тұрған күштердің қолындағы мүмкіндіктер мен ресурстар аймақ тұрғындарының алаңдаушылығын тудырмай тұра алмайды»,- деді И.Кәрімов. Оның бағалауынша, аймақтағы кейінгі кездегі оқиғалар «алысты көздеген геосаяси жоспардың жекелеген көріністері болып табылады. Оның ақырғы мақсаты — Орталық Азияда болашақта үстемдік құру үшін саяси және экономикалық күштердің тепе-теңдігін өз пайдасына қарай өзгертуге саяды».

«Осы орайда мақсатқа жету құралдары мен әдістерінің сипаты түбегейлі өзгере бастағаны назар аударуға тұрарлық дерек. Бұл әрекеттердің бәрінде де әрбір жекелеген елде қалыптасып отырған ерекшеліктер жіті ескерілуде»,- деді И.Кәрімов. Оның пікірінше, «аймақта ыдыратқыш, іріткі салушы күштердің түрлі экстремистік құрылымдармен ауыз жаласу құбылысы белең алуда. Ал осынау іріткі салушы күштер өз мақсатына радикалдық көзқарастағы діни ұйымдарды қолшоқпар етіп пайдалануда. Ал өзгеше жағдай, өзгеше ахуалда бұл ұйымдарды олар лаңкестік ұйымдардың қатарына қосады». Өзбекстан президентінің пікірінше, «бұл әрекеттердің түпкі мақсаты — аймақта басқарылатын тұрақсыздық ахуалды қалыптастырып, қоғамдағы саяси тұрақтылықтың шаңырағын шайқалту, өзінің даму моделін күшпен таңуға саяды».
И.Кәрімовтың пайымдауынша, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер «халықаралық лаңкестіктің қуатты құралына айналған» есірткі саудасымен күрес бағытында күш біріктіруге бағытталған іс-шараларды түбегейлі өзгертуге тиіс. Аймақтағы есірткі қаупін Ауғанстан тіптен өршіте түсуде. «Мұнда есірткі өндіру ісі өнеркәсіптік сипатқа көшкен. Ал онда орын тепкен шетелдік әскерилер ахуалға іс жүзінде ықпал ете алмай отыр».

Перейти к новостям спорта