Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастыққа шақырған біздің үндеуімізді Түрікменстаннан өзге елдер түгелдей қолдады - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастыққа шақырған біздің үндеуімізді Түрікменстаннан өзге елдер түгелдей қолдады - ҚР президенті

Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастыққа шақырған біздің үндеуімізді Түрікменстаннан өзге елдер түгелдей қолдады - ҚР президенті

Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастыққа шақырған біздің үндеуімізді Түрікменстаннан өзге елдер түгелдей қолдады. Енді біз осы бағытта жұмыс істеуіміз керек. Бұл туралы бүгін, 17-маусымда шетелдік инвесторлар кеңесінің Қарағандыда өткен отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Маусым 2005
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Біз су-энергетикалық және көлік консорциумдарын құру жөнінде Орталық Азиядағы көршілерімізбен ортақ мәмілеге келдік»,- деді президент.

«Бір-бірімізге шекарамызды ашу, біртұтас рынок пен кедендік кеңістік қалыптастыру үшін Орталық Азия елдерінің одағын құру және осы жөніндегі келісімдерге қол қою туралы үндеуді мен өз жолдауымда жария еттім»,- деді Елбасы. «Бүгінгі талқылау қорытындысы Еуропалық қайта құру және даму банкі мен басқа да банктермен бірге аймақ үшін мұндай бірлестіктің қажет екенін көрсетіп берді». «Инвесторлар кеңесінің пікір-көзқарастары осындай интеграциялық бірлестікті тез арада құруға жәрдемдеседі»,- деді ол.
1993-жылдан бері Қазақстан Еуропалық қайта құру және даму банкінің 1 млрд. доллардан астам инвестициясын тұтынды. «Инвестициялардың 60 проценті жеке меншік секторға, соның ішінде шағын және орта бизнесті дамытуға жұмсалды. Ал қазір біз инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция тартуға ден қойдық»,- деді Н.Назарбаев.

Перейти к новостям спорта