Орталық Азияға алдағы уақытта су тапшылығы қаупі төнуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азияға алдағы уақытта су тапшылығы қаупі төнуі мүмкін

Орталық Азияға алдағы уақытта су тапшылығы қаупі төнуі мүмкін

Орталық Азияға алдағы уақытта су тапшылығы қаупі төнуі мүмкін.

  • 13 Шiлде 2011
  • 500
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Ислам ынтымақтастық ұйымы су стратегиясын құру жөніндегі кеңестің екінші мәжілісінде Аралды құтқару халықаралық қорының төрағасы Сағит Ибатуллин мәлім етті.

«Соңғы 50 жылда мұздықтардағы су қорлары 25 пайыздан астамға қысқарды. Бұл үдеріс әлі де жалғасып келеді. Ал мамандардың болжамы бойынша, 2025 жылға қарай мыңға тарта шағын мұздықтар жоғалып, мұздану алаңы 25 пайызға қысқарады, мұз қорлары да кемиді. Бұл жерүсті өзендерінің қорына да әсер етеді. Мәселен, біздің мамандарымыздың болжамдары бойынша 2050 жылға қарай Әмудария су шоғырының ауқымы 10-15 пайызға, Сырдария су шоғыры — 6-10 пайызға төмендейді», — дейді Сағит Ибатуллин. Оның айтуынша, су ресурстарының тапшылығына Орталық Азиядағы әлемдік үрдісті басып озып келе жатқан халықтың шапшаң өсімі де әсер етеді. Мәселен, соңғы 30 жылда бұл өсім жылына 7 пайызды құраған. Ал қазіргі таңда 2 пайызға дейін төмендегенімен, әлі де өсім көрсеткіші сақталуда. «Халықтың өсімі экономиканы да үдете түседі. Бұның өзі су ресурстарына техногендік ауыртпашылықты арттырады. Сонымен қатар, Орталық Азияда орташа үлестік сумен қамтудың төмендеуі қарқынды болып отыр. Соңғы 40 жылда бұл көрсеткіш бір адамға бір жылға 6 мың текшеметрден 2,2 мың текшеметрге дейін азайды. Ал халықтың қазіргі өсіміне шақсақ, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш алаңдаушылық жағдай саналатын 1,7 мың текшеметрге дейін жетеді. Бұл көрсеткіш БҰҰ тарапынан судың жеткіліксіз қамтылуы ретінде бағаланатыны айқын», — дейді С. Ибатуллин.

Соңғы жаңалықтар