Орталық Азиялық мемлекеттердің одағын құру туралы идеяның болашағы зор - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азиялық мемлекеттердің одағын құру туралы идеяның болашағы зор - ҚР СІМ

Орталық Азиялық мемлекеттердің одағын құру туралы идеяның болашағы зор - ҚР СІМ

Орталық Азиялық мемлекеттердің одағын құру туралы идеяның болашағы зор және ол келешекті көздеген қадам. Өйткені, біздің елдердің халқы өзара еркін сауда-саттық құрып, бірлесіп өмір сүргісі келеді. Бұл туралы бүгін, 31-қазанда парламент мәжілісінде өткен үкіметтік сағатта ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Қазан 2005
  • 470
Фото - Caravan.kz



«Бұл идея қас-қағым сәттегі саяси ұпайды көздемейді. Елдердің егемендігіне қысым көрсетуді мұрат тұтпайды. Ол — осы өңірдің ұзақ мерзімді мүддесіне сай өзара интеграцияны дамытуды қарастыратын экономикалық жоба»,- деді Қ.Тоқаев.
«Сауда-экономикалық өзара ынтымақтастықты дамыту — аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті табысты қамтамасыз етудің кепілдігі болып табылады»,- деді министр. «Орталық Азия аймағындағы көшбасшы ел ретінде экономикалық ынтымақтастық пен аймақтық интеграциялануға балама жоқ дегенге кәміл сенеміз»,- деді Қ.Тоқаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта