Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымы мен ЕурАзЭҚ бірлестігінің болашағы зор - сенат жетекшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымы мен ЕурАзЭҚ бірлестігінің болашағы зор - сенат жетекшісі

Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымы мен ЕурАзЭҚ бірлестігінің болашағы зор - сенат жетекшісі

Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымы мен ЕурАзЭҚ бірлестігінің болашағы зор. Бұл туралы бүгін, 7-қазанда ҚР парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев Ұлыбритания парламентінің қауымдар палатасының депутаты, парламенттің Қазақстан жөніндегі Бүкілпартиялық тобы төрағасының орынбасары Дэвид Раффлимен кездесуде пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Қазан 2005
  • 490
Фото - Caravan.kz



«Бұл тек қана экономикалық одақ емес. Бірлестіктің мақсаты — осы өңірде тұрақтылықты қамтамасыз ету, халықаралық лаңкестікпен және заңсыз есірткі айналымымен күрес саласында күш біріктіру болып табылады»,- деді Н.Әбіқаев.
Сенат төрағасының пікірінше, «бұл бірлестік өз қатысушыларына үлкен экономикалық пайда әкеледі». Сонымен бірге «бірлестік екі одақтың ортақ мәселені шешуде бір-бірін қайталамауын қамтамасыз етеді»,- деді сенат жеткшісі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше, 6-қазанда Санкт -Петербург қаласында Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының кеңесі отырысында Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымы мен ЕурАзЭҚ-ты өзара біріктіру туралы шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта