Орталық Азияны қарқынды дамушы аймаққа айналдыруда Қазақстан шешуші роль атқара алады - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азияны қарқынды дамушы аймаққа айналдыруда Қазақстан шешуші роль атқара алады - ҚР президенті

Орталық Азияны қарқынды дамушы аймаққа айналдыруда Қазақстан шешуші роль атқара алады - ҚР президенті

Ауқымды экономикалық әлеуеті мен нарықтық реформаларды жүзеге асыруда табысты тәжірибе жинақтаған Қазақстан Орталық Азияны қарқынды дамушы, тұрақты әрі жырғаулы аймаққа айналдыруда шешуші роль атқара алады. Бүгін, 17-маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағандыда шетел инвесторлары кеңесінің 13-отырысында осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Маусым 2005
  • 584
Фото - Caravan.kz

«Бес жылда Қазақстанның Жалпы Ішкі Өнімінің жиынтық өсімі 50 проценттен асты. Тек 2004-жылы республиканың жалпы ішкі өнімі 9,4 процентке өсті»,- деді Н.Назарбаев. «Қазақстан аймақ елдері арасындағы ықпалдастықты нығайтуды белсене жақтайды және осы жөніндегі бастама иесі»,- деді президент.

Әл елдің ұлттық мүддесіне сәйкес Орталық Азия аймағындағы елдердің экономикалық және геосаяси тұрғыдан интеграциялануы — обьективті әрі табиғи құбылыс, деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауында Орталық Азия елдерінің одағын құру туралы идея ұсынғанын еске салды. «Бұл одақ аймақтағы интегарциялық құбылыстардың логикалық жалғасы болмақ». «Бастама жаҺанданудың кесіріндей пайда болған қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы бірлесе күресу үшін аймақ елдерінің күшін біріктіруді мұрат тұтады»,- деді президент. «Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасындағы мәңгілік достық туралы үш жақты келісім-шартын кең көлемде жүзеге асыру аясында Қазақстан тауар, қызмет, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысына негізделген біртұтас рынок қалыптастыру мен өзара ынтымақтастықтың жаңаша тиімді тетіктерін айқындауды ұсынады»,- деді мемлекет басшысы.
«Орта Азия елдері тарихы, тілі мен мәдениетінің ортақтығы, экономикалары бір-бірін толықтыратындығы, жоғары деңгейде дамыған көлік инфрақұрылымының болуы және шекараларының біртұтастығымен өзара ұқсас келеді». Аймақ елдерінің жиынтық экономикалық әлеуеті жоғары, аймақта ауқымды адами, табиғи және өндірістік ресурстар шоғырланған, деді президент. «Бұл өңірде 56 млн. адам тұрады. Аймақтың жиынтық Жалпы ішкі өнімі 60 млрд. долларды құрайды». Соған қарамастан, президенттің пікірінше, аймақта күш біріктіру негізінде ғана шешуге болаиын бірқатар күрделі проблемалар бар.

Перейти к новостям спорта