Орталық Азияның Оңтүстік Кавказ арқылы Еуропамен энергетикалық байланысы жобасы кейінге шегерілді - REGNUM - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азияның Оңтүстік Кавказ арқылы Еуропамен энергетикалық байланысы жобасы кейінге шегерілді - REGNUM

Орталық Азияның Оңтүстік Кавказ арқылы Еуропамен энергетикалық байланысы жобасы кейінге шегерілді - REGNUM

Бішкек. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Орталық Азияның Оңтүстік Кавказ арқылы Еуропамен энергетикалық байланысы жобасы кейінге шегерілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Кавказдың Ереван институтының директоры Александр Искандарянның айтқан сөздерін келтірген REGNUM агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Тамыз 2008
  • 388
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Осетиядағы соғыс пен Баку — Тбилиси — Жейхан мұнай құбырындағы жарылысқа қарамастан мұнайдың әлемдік бағасы арзандауын тоқтатар емес. Бұл өңірдің мұнай қорының әлем үшін аса маңызды еместігін көрсетеді.

«Бізге ұзақ уақыт бойы өңірдің маңыздылығы жөніндегі дақпыртты ой-пікірлерді құлағымызға құйып келді. Соғыс пен Баку — Тбилиси — Жейхан мұнай құбырындағы жарылыстар бұл пікірдің күл-талқанын шығарды», — деп атап өтті ол. Сарапшы жақын болашақта Орталық Азияның Оңтүстік Кавказ арқылы Еуропамен энергетикалық байланысы жобасы кейінге шегерілгенін ескертті. Бұл ретте ол бұл жобаның толығымен тоқтатылу мүмкіндігінің аз екендігін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар