Орталық Азияның төрт мемлекетінде СПИД індетімен күресу жөніндегі жоба іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азияның төрт мемлекетінде СПИД індетімен күресу жөніндегі жоба іске қосылды

Орталық Азияның төрт мемлекетінде СПИД індетімен күресу жөніндегі жоба іске қосылды

Бүгін, 12- мамырда Алматыда СПИД-пен күресу жөніндегі Орта-Азиялық жоба ресми түрде іске қосылды,- деп хабарлайды kz-today тілшісі.

  • 12 Мамыр 2005
  • 507
Фото - Caravan.kz

Алматыда бас қосқан Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан елдерінің денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері аталмыш жобаны жүзеге асыруға арналған қаржыны алу туралы екі гранттық келісімге қол қойды. Жобаны жүзеге асыруға Дүниежүзілік банкі мен Ұлыбританияның халықаралық даму жөніндегі министрлігі 27 млн АҚШ долларын бөліп отыр. Жоба 2005-жылдың 1-шілдесі мен 2010-жылдың 31-желтоқсаны аралығында жүзеге асырылады.

Бұл өңірде кейінгі жылдары ВИЧ жұқтырған адамдардың саны төрт елде де күрт өскен. Мәселен, АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының есебі бойынша, Орталық Азия аймағында ВИЧ және СПИД індетіне шалдыққандар саны 90 мыңнан асады. Ал Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Айқан Ақановтың сөзіне жүгінсек, біздің елде ВИЧ індетін жұқтырғандардың ресми саны 5000 адамға жуықтаған. Жобаның атқарушы директоры, Қырғыз Республикасының бұрынғы денсаулық сақтау министрі Тілек Мейманалиевтің айтуынша, «аталмыш жоба аймақ шеңберінде жүзеге асырылатын алғашқы жоба болып табылады». Ол жалпы Еуропа мен Орталық Азия аймағында бірнеше елдерді қамтып, тәуекелді топқа жататын адамдарға, соның ішінде мигранттар, сотталғандар, есірткіні инемен тұтынатындар, тәнін сатушылар мен гомосексуалистер арасында профилактикалық шаралар өткізуге қажетті қаржы тапшылығын жабады.
Алдағы мақсат, індеттің таралу екпінін қысқартып, жоба аяқталған соң СПИД-пен күресу жөніндегі аймақтық қор құру, дейді сарапшылар.

Перейти к новостям спорта