Орталық пен солтүстік өңірлердегі ақтүтек бораннан жол апаты жиіледі - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық пен солтүстік өңірлердегі ақтүтек бораннан жол апаты жиіледі

Орталық пен солтүстік өңірлердегі ақтүтек бораннан жол апаты жиіледі

Еліміздің орталық және солтүстік өңірлерінде күн райы күрт суытты. Арты қарға ұласқан жаңбыр жолдарды көктайғаққа айналдырған. Салдарынан апаттар жиіледі. Көз жұмғандар да бар.

  • 14 Қараша 2012
  • 338
Фото - Caravan.kz

Павлодардан 11 шақырым жерде болған апатта үш адам мерт болып, 5 жолаушы ауыр жараланған. Арасында 4 жасар сәби бар. Омбы-Майқапшағай тас жолымен келе жатып, көктайғақта тізгінге ие бола алмаған Мазда қарсы бетке шығып кетіп, Реноға соғылған. Әп-сәтте қызыл жалынға оранған жеңіл көлік ішіндегі екі адам тірідей жанып кетті. Қарағанды мен Ақмола облыстарында да жолаушыларға лық толы автобустар жолдан тайып, қалың қарға кептеліп қалған. Әйтеуір, екі жағдайда да жапа шеккендер жоқ. Көлік иелері апаттардың жиілеуін жолдың қардан тазартылмауынан көріп отыр. 


Меңдіхан Зарлыханов, көлік жүргізушісі:

— Тазаламай жатыр. Не деймін енді. Дәл қаланың іргесі. Кезекшілік болу керек.Мынау не сұмдық?

Соңғы жаңалықтар