Орталық сайлау комиссиясы 2007-жылы парламент сайлауын өткізуді жоспарлап отырған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы 2007-жылы парламент сайлауын өткізуді жоспарлап отырған жоқ

Орталық сайлау комиссиясы 2007-жылы парламент сайлауын өткізуді жоспарлап отырған жоқ

АСТАНА. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы 2007-жылы парламент сайлауын өткізуді жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 26 Қыркүйек 2006
  • 401
Фото - Caravan.kz

«Кейінгі кездері БАҚ-тар мен Интернетте 2007-жылы республика парламентіне кезекті сайлау өткізілуі мүмкін деген жорамалдар айтылуда. Өйткені, Орталық сайлау комиссиясына арнап 2007-жылы бөлінген бюджет барлығына көп сияқты көрінген»,- деді бүгін өткен баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Владимир Фоос. «Біз осы мәселенің бетін ашып алмақшымыз. Орталық сайлау комиссиясының 2007-жылға арналған бюджеті 3 705 100 мың теңге көлемінде межеленген. Оның 3 495 000 мың теңгесі мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуге арналған», деді хатшы.

«Мәслихат депутаттарының сайлауы еліміздегі ең қымбат сайлау. Еліміз бойынша осындай мандаттар саны 3322-ге тең. Тиісінше үміткерлер де көп. Сол себепті біз республикалық бюджеттік комиссиядан бәсекелестікті ескеруді өтіндік. Облыстық деңгейде 10 үміткерден, аудандық деңгейде 6 үміткерден келеді деп сұраған едік. Бірақ облыстық деңгейде 5 үміткерден, аудандық және қалалық деңгейде 3 үміткерден ғана қатыса алады деген пайымды қорғай алдық»,- деді В.Фоос.

Сонымен бірге оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясының бюджетінде жыл сайын мәжіліс, сенат және мәслихаттардың депутаттарын қайта толықтыра сайлауға қаржы қарастырылады. «Әрбір бюджетті қалыптастырған сайын парламент депутаттарының сайлауы межелену дерегі ешкімді алаңдатуға тиіс емес. Бұл әлдекімнің депутаттықтан шығу мүмкіндігіне ғана арналған қаржы»,- деді В.Фоос. Оның айтуынша, 2007-жылға арналған бюджетте мәжілістің бес, сенаттың үш депутатын шығып кеткендердің орнына қайта сайлауға арналған қаржы қарастырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта