«Ақ жол» партиясының партиялық тізімінде 13 адам бар. Тізім басында партияның тең төрағасы Әлихан Бәйменов тұр. Сондай-ақ, тізімге саяси бірлестіктің тең төрағасы, ҚР ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбаев, партия төралқасының мүшесі Төлеген Жүкеев, «Құс жолы» қоғамдық қайырымдылық қорының президенті Дәулет Сембаев және басқа да адамдар енген.
Сондай-ақ, партия бір мандатты округтер бойынша 40 үміткер ұсынып, 25 тәуелсіз кандидатты қолдамақшы.