Орталық сайлау комиссиясы бюджет қаржысын тиімсіз пайдаланған - Есеп комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы бюджет қаржысын тиімсіз пайдаланған - Есеп комитеті

Орталық сайлау комиссиясы бюджет қаржысын тиімсіз пайдаланған - Есеп комитеті

Орталық сайлау комиссиясының іс-қызметін тексеру барысында Есеп комитеті комиссияның бюджет қаржысын мақсатсыз, негізсіз әрі тиімсіз пайдалану дерегін әшкереледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР республикалық бюджетінің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Наурыз 2005
  • 570
Фото - Caravan.kz

Мәселен, есеп комитетінің қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясындағылар республикалық бюджет қаржысының есебінен сайлау өткізуге қатысы жоқ материалдық құндылықтарды сатып алғанын анықтады. Қазақстан президентінің «Парламент мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын белгілеу туралы» жарлығына сәйкес облыс әкімдеріне мәжіліс сайлауын материалдық-техникалық және қаржылық тұрғыдан қамтамасыз етуге қажетті шараларды алу туралы тапсырма берілген. Алайда, «Орталық сайлау комиссиясы тарапынан түрлі аймақтарда «Сайлау» автоматтандырылған жүйесінің жабдықтарын сақтау үшін пайдаланған орындарды жалға алу құны күні бүгінге дейін төленбеген».

Сонымен бірге Есеп комитетінің мәліметі бойынша, «аталмыш жабдықтардың сақталуына жауапты адамдар ретінде Орталық сайлау комиссиясының штаттағы қызметкерлерінің орнына облыстық әкімшіліктердің мамандары тағайындалған». «Бірақ бұл жерде Орталық сайлау комиссиясы қымбат материалдық құндылықтардың амандығы үшін толыққанды жауапкершілік жүктейтіні туралы аталмыш мамандармен келісім-шартына қол қоймаған»,- дейді есеп комитетіндегілер.
Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясына беті ашылған кемшіліктерді жою, бюджет туралы заңды бұзуға жол берген лауазым иелерін жауапкершілікке тарту туралы нұсқау берілді.

Перейти к новостям спорта