«Біз бұл процесті тездете түсуге тырысатын боламыз»,- деді О.Жұмабеков. Ол Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру аяқталғаннан кейін 24 сағаттың ішінде сайлаудың алдын-ала қорытындысын жария ету жөнінде «аса күрделі міндеттемені өзіне жүктеп алғанын» еске салды. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы «барлық сайлау органдарына дауыс есептеу шарасын ұзаққа созбай, шұғыл қимылдауды міндеттеді»,- деді комиссия төрағасы.
Заңға сәйкес, дауыс берудің ақырғы қорытындысы сайлаудан кейін 10 күнде, яғни, 14-желтоқсанға дейін жария етілуге тиіс. «Осы мерзім аясында біз жұмысымызды мейлінше қарқындандыра түсетін боламыз»,- деді О.Жұмабеков.