Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің электронды жүйесін күзгі мәжіліс сайлауына дейін қолданысқа толыққанды енгізе алмайды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің электронды жүйесін күзгі мәжіліс сайлауына дейін қолданысқа толыққанды енгізе алмайды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы

Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің электронды жүйесін күзгі мәжіліс сайлауына дейін қолданысқа толыққанды енгізе алмайды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы

Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің "Сайлау" деп аталатын электронды жүйесін күзгі мәжіліс сайлауына дейін қолданысқа толыққанды енгізе алмайды. Бүгін, 23-наурызда қоғамды одан әрі демократияландыру және азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі тұрақты кеңестің кезекті отырысына қатысқан ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева баспасөз өкілдеріне арналған қысқаша мәслихатта осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Наурыз 2004
  • 553
Фото - Caravan.kz

Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Қазақстан парламенті 15-наурызда «Сайлау туралы» жаңа заңды үшінші оқылымда қабылдағанын, ондағы бір бап республикамызда дауыс берудің электронды жүйесін қолданысқа енгізуді қарастыратынын еске сала кетті. Автоматтандырылған жүйені қолданысқа енгізу төрт кезеңмен, атап айтсақ, нобай-үлгінің тұсаукесері, бірнеше учаскеде пилотты жобаны жүзеге асыру, жүйені мемлекеттік комиссияға тапсыру және сынақ сатылары жүзеге асырылмақ.

Комиссия төрайымының болжамы бойынша, «Сайлау» жүйесін пайдаланып сынақ жүзінде дауыс беру шарасы сәуір айында жүзеге асырылады. Оған үш облыс, бірнеше аудан мен 15 сайлау учаскесі жұмылдырылады. Сынақ өткізілетін нақты орын әзірге айқын емес. З.Балиеваның айтуынша, сайлау өткізетін орын мен мерзімі өңірдің телекоммуникациялық әзірлік деңгейіне байланысты. Қазір бұл мәселемен «Қазақтелеком» айналысып жатыр.
Орталық сайлау комиссиясы төрайымының пікірінше, дауыс берудің электронды жүйесін қолданысқа енгізу «дауыс беру қорытындысы туралы ақпаратты сайлаушылардың тез арада алуы үшін» қажет. Сондай-ақ, З.Балиева жаңа жүйенің мықты қорғалғандығын, «сайлау қорытындысын бұрмалауға және ол туралы ақпаратты ашуға мүмкіндік жоқтығын» атады. Комиссия төрайымының түсініктемесі бойынша, дауыс беру жұмыстары тәмамдалғаннан кейін әрбір сайлау учаскесінде дауыс саналады. «Дауыс жинау қорытындысы туралы хаттама сол сәтте принтерден шығып, бұл ақпарат шұғыл түрде Орталық сайлау комиссиясының орталық серверіне келіп түседі «. «Дауыс беру жұмысы аяқталғанға дейін оның барысы туралы ақпарат Орталық сайлау комиссиясына да, ауданға да, облысқа да жетпейді»,- деді З.Балиева.
«Біз дауыс беру барысының мейлінше ашықтығын қамтамасыз етуге бар күшімізді саламыз»,- деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы. Жүйе қолданысқа енгізілгеннен кейін сайлау процессіне қатысушылардың барлығы да оның ашықтығы мен жариялылығына көз жеткізеді дегенге төрайым сенім білдірді. З.Балиеваның пайымдауынша, дауыс берудің электронды жүйесіне толыққанды көшу 2006-жылғы президент сайлауына дейін жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар