Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының пропорционал жүйесіне көшуді қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының пропорционал жүйесіне көшуді қолдайды

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының пропорционал жүйесіне көшуді қолдайды

АСТАНА. 22-мамыр. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының пропорционал жүйесіне көшуді қолдайды. Бүгін "Қазақстанды демократияландырудың жаңаша кезеңі - еркін демократиялық қоғамды қарқынды дамыту" тақырыбындағы "дөңгелек үстел" барысында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 22 Мамыр 2007
  • 464
Фото - Caravan.kz

«Пропорционал жүйеге көшу, біздіңше, партиялардың пропорционал өкілдігі арқылы халықтың кез-келген тобының мүдделерін ескеруге мүмкіндік береді»,- деді В.Фоос.

«Біз депутат бір мандатты округ бойынша сайланған кезде кем дегенде 50 процент +1 дауыс жинау қажет екендігі жөніндегі көптеген ескертулер алдық және оны білеміз. Сөйтіп, осы 50 проценттің сыртындағы сайлаушылардың мүддесі, әлбетте, өкілетті органда ескерілмей қалатын. Ендігі жерде осындай жағдай өзгереді»,- деді ол.

Сонымен бірге, В.Фоостың пікірінше, сайлаудың пропорционал жүйесі кезінде «лас технологияларды пайдалану мүмкіндіктері азаяды».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті