ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сайлаушылар тізіміне енген еліміз азаматтарының 56,49 проценті дауыс беру шарасына қатысты.
Округтік сайлау комиссияларының мәліметі бойынша, барлық 67 сайлау округінде сайлау өткізілді. 22 округте сайлау қайта өткізіледі.
Сайлауға 12 саяси партия қатысты. Олардың төртекі екі сайлау блогына бірікті. Парламентке өтуге қажетті межеден үш партия мен бір сайлауалды блогы өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, партиялық тізім бойынша «Отан» партиясы сайлаушылардың 60,62 процент, «Ақ жол» партиясы сайлаушылардың 12,04 процент дауысын жинап екінші орынға шықты, ал «Асар» партиясы 11,38 процент дауыс, «АИСТ» блогы 7,07 процент дауыс жинады.
«Коммунистер мен ҚДТ партиясының оппозициялық халықтық одағы» 3,44 процент, Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы 1,98 процент, Демократиялық партия 0,76 процент, «Ауыл» партиясы 1,73 процент, Қазақстанның патриоттар партиясы 0,55 процент, «Руханият» партиясы 0,44 процент дауыс жинады.