Қазақстанның демократиялық партиясының партиялық тізімінде М.Нәрікбаев басқарған 9 адам бар.
Сөйтіп, парламент мәжілісі депутаттарының сайлауына елімізден сегіз партия мен екі блок қатысатын болды.
Ал 19-тамыз күні түн ортасында ҚР Орталық сайлау комиссиясы бір мандатты округтер бойынша мәжіліс депутаттығынан үміткерлерді тіркеуді аяқтайды. 18-тамыз күнгі таңертеңгі жағдаймен өз кандидатурасын ұсынған 681 адамның 592-сі тіркелді. 30 адам үміткерліктен бас тартты.
Еліміздегі мәжіліс сайлауы 19-қыркүйекте өткізіледі.