Орталық сайлау комиссиясы парламент сенаты депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы парламент сенаты депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгіледі

Орталық сайлау комиссиясы парламент сенаты депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгіледі

Астана. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Орталық сайлау комиссиясы парламент сенаты депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығына сілтеме жасап.

  • 21 Тамыз 2008
  • 634
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылғы 21 тамыз күні Орталық сайлау комиссиясының шығып қалғанның орнына Оңтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесін тағайындаған, парламент сенаты депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгілеу туралы қаулы қабылдаған отырысы болып өтті.

Сайлау заңнамасына сәйкес, парламент сенатының депутаттығына кандидатқа сайлауалды үгіт жүргізу үшін, сондай-ақ көлік шығындарына республикалық бюджеттен 250145 теңге қаржы бөлінетін болады, бұл 2005 жылғыдан 37,7% артық.

Оның ішінде теледидардан 15 минут сөз сөйлеуге — 78 000 теңге, радиодан 10 минут сөз сөйлеуге — 26 965 теңге, баспа беттерінде көлемі 0,1 баспа табақтан аспайтын екі мақала жариялауға — 75 180 теңге, сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізуге — 15 000 теңге, үгіт материалдарын шығаруға — 20 000 теңге, көлік шығындарына -35 000 теңге қарастырылған.

Дәстүрлі брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сенат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт жұмысының кандидаттар құратын сайлау қоры қаражаты есебінен де қаржыландырыла алатынын атап өтті. Бұл қор жалпы сомасы 2 405 000 теңгеден айпайтын депутаттыққа кандидаттың жеке қаражатынан және жалпы сомасы 6 012 500 теңгеден аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының жеке қайырмалдықтарынан қалыптасады.

Сөйтіп, кандидаттың сайлау қорында ең көп дегенде 8 417 500 теңге қаржы болуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар