Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған, шығып қалған депутатының орнына Ассамблеясының кеңесі ұсынған кандидатты тіркеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған, шығып қалған депутатының орнына Ассамблеясының кеңесі ұсынған кандидатты тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған, шығып қалған депутатының орнына Ассамблеясының кеңесі ұсынған кандидатты тіркеді

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 89 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған, шығып қалған депутатының орнына Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі ұсынған Олег Григорьевич Дымовты кандидат ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы отырысынан кейін өткізілген брифингте ОСК төрағасының міндетін атқарушы Бақыт Мелдешов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Қазан 2008
  • 492
Фото - Caravan.kz

2008 жылғы 23 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізудің күнтізбелік жоспарына сәйкес, кандидаттарды тіркеу 17 қазан күні аяқталады.

18 қазаннан бастап тіркелген кандидат сайлау алдындағы үгіт жұмысына кірісе алады. Сайлауалды үгіт 21 қазан күні сағат 24.00-де аяқталуы тиіс.

Мемлекет тіркелген кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында сайлауалды үгіт жүргізу үшін теледидардан 15 минут, радиодан 10 минут сөйлеуге және баспа беттерінде көлемі 0,1 баспа табақтан аспайтын екі мақала жариялауға, сондай-ақ көлік шығындарына тең мөлшерде қаржы бөледі.

Бұл шығыстардың нормативтерін белгілеу туралы тиісті қаулы да Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында қабылданды.

Одан басқа, сайлау бюллетенінің мәтіні бекітілді, олардың қорғалу деңгейі мен 1 пайыздық резервті ескере отырып, әзірленуі тиіс саны белгіленді.

Ортсайлаукомның қаулысына сәйкес, Астана қаласының сайлау комиссиясына 385 бюллетень 21 қазаннан кешіктірмей жеткізілуі тиіс.

«Жалпы, сайлау науқаны қалыпты жағдайда және толығымен алғанда сайлау заңнамасына сәйкес өтуде.

Орталық сайлау комиссиясына сайлау процесіне қатысушылардан, азаматтар мен ұйымдардан заңнаманың бұзылуы туралы келіп түскен шағымдар жоқ»,- деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясы отырысынан кейін өткізілген брифингте ОСК төрағасының міндетін атқарушы Бақыт Мелдешов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар