Орталық сайлау комиссиясы Сайлауларға бақылау жасау жөніндегі қоғамдық комитеттің құрылуын құптайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы Сайлауларға бақылау жасау жөніндегі қоғамдық комитеттің құрылуын құптайды

Орталық сайлау комиссиясы Сайлауларға бақылау жасау жөніндегі қоғамдық комитеттің құрылуын құптайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының басшылығы Сайлауларға бақылау жасау жөніндегі қоғамдық комитеттің құрылуын құптайды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен бүгін, 29-тамызда таратылған хабарламада айтылған.

  • 29 Тамыз 2003
  • 598
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қоғамдық комитет «Құқықтық Қазақстан үшін» республикалық азаматтық қозғалысы, үкіметтік емес тәуелсіз ұйымдар конфедерациясы мен Қазақстан жастары Конгрессінің бастамасымен құрылған болатын.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, мұндай тәжірибе сайлау заңдылығының барлық деңгейде дәйекті орындалуына қойылатын бақылауды тереңдете дамытуға, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдардың сайлауларға қатысудағы белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Баспасөз қызметі осы орайда Сайлауларға бақылау жасау жөніндегі қоғамдық комитет басшылығының 28-тамызда жария еткен кейбір мәліметтерінде бірқатар қателіктер жіберілгенін атап көрсетті . Мәселен, 29-тамыздағы жағдаймен ҚР Орталық сайлау комиссиясына саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардан 127 өтініш келіп түскен. 115 өтінішке дәйекті жауап қайтарылды. 12 шағым қаралу үстінде.
Сондай-ақ, мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркеуден бас тарту немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға қатысты 140 іс қаралды. Тексеру нәтижесінде олардың 12-сіне қатысты тіркеуді қалпына келтіру жөнінде шешім қабылданды. Осындай істерді қайтадан қарау жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар