Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкованың айтуынша, «шетелдік БАҚ-тар ҚР СІМ-нің таныстыруы бойынша аккредитацияланды».
Аккредитацияланғандардың арасында Әзербайжан, Ресей, АҚШ, Канада, Испания, Германия, Франция, Қытай және басқа да елдердің журналистері бар. Жалпы алғанда, Т.Охлопкованың айтуынша, шетелдік БАҚ өкілдерін қоса есептегенде, елімізде 1590 шетелдік бақылаушы аккредитацияланды. Соның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының миссиясынан 473 бақылаушы, ТМД елдерінің бақылаушылары миссиясынан 9 елдің 417 бақылаушысы, 27 мемлекеттен 201 шетелдік бақылаушы, 8 халықаралық ұйымнан 107 бақылаушы, 23 елдің 392 БАҚ өкілі тіркелді.
Халықаралық бақылаушыларды аккредитациялау шарасы бүгін, 28-қарашада аяқталады.
Президент сайлауы 4-желтоқсанда өтеді.