«Біз аумақтық сайлау комиссияларымен тұрақты байланыста отырмыз. Қазір үміткерлер тапсырған қол қою парақтары тексеріліп жатыр»,- деді В.Фоос.
Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен үміткер Жармахан Тұяқбай аумақтық сайлау комиссияларына қол қою парақтарын өткізген. Қол қою парақтарын Уәлихан Қайсаров та жартылай тапсырды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше 3-қазанда президенттіктен үміткерлердің атын ұсыну шарасы аяқталды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, сайлауға қатысуға ниет білдірген 18 адамның 13-і қазақ тілінен емтихан тапсырып, заң бойынша үміткерге қойылатын талаптарға сәйкес деп танылды.
Бүгін, 2005-жылдың 4-қазанында үміткерлерді тіркеу шарасы басталып, сайлауға 40 күн қалғанда, яғни, 2005-жылдың 24-қазанында аяқталады. Қазақстандағы кезекті президент сайлауы 2005-жылдың 4-желтоқсанына белгіленді.
>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті