Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Владимир Фоостың түсініктемесіне жүгінсек, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңның 12-бабына сәйкес, аталмыш реестрді жүргізіп отыру құзыреті Орталық сайлау комиссиясына жүктелген. «Қазір комиссия реестрді жүргізу ережелерін жобалады. Онда реестрдің құрылымы мен оны қалыптастыру тетіктері айқындалған»,- деді ол.
В.Фоос осы орайда Орталық сайлау комиссиясы реестрді ұстаушыны да айқындай алатынын, оның автоматтандырылған «Сайлау» ақпараттық жүйесінің ажырамас құрамды бөлігі екенін және электронды түрде жүргізілетінін нақтылап өтті.