Орталық сайлау комиссиясының сайтына хакерлік шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясының сайтына хакерлік шабуыл жасалды

Орталық сайлау комиссиясының сайтына хакерлік шабуыл жасалды

28 мамырда сағат 13:13-те сайттың әлсіз жерін анықтау мақсатында ОСК-ның интернет ресурсына сканерлеу жүргізілген. Мақсат кибер шабуыл ж

  • 29 Маусым 2017
  • 261
Фото - Caravan.kz

28 мамырда сағат 13:13-те сайттың әлсіз жерін анықтау мақсатында ОСК-ның интернет ресурсына сканерлеу жүргізілген. Мақсат кибер шабуыл жасау болған. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында «ИТО ОСК» РМК-ның директоры Ерлан Қосмұратов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Азаматтардың ҚР ОСК-ның интернет ресурсына қызығушылық танытқанын атап өткім келеді. Бір аптаның ішінде 21-мамырдан 28 мамырға дейін сайтқа кірушілер 287 199 парақшаны қарады. Алайда 28 мамырда сағат 13:13-те сайттың әлсіз жерін анықтау мақсатында ОСК-ның интернет ресурсына сканерлеу жүргізілген. Мақсат кибер шабуыл жасау және рұқсат етілмеген жолмен аталмыш базаның мәліметтерін алу», — деді ол.

Ерлан Қосмұратовтың айтуынша, бұл заңсыз әрекет дер кезінде анықталған.


«Техникалық орталықтың инженері уақытынды заңсыз әрекетті бұғаттады. Сондай-ақ, ол бұл деректі ақпараттандыру және коммуникация саласындағы өкілетті органга хабарлады», — деп түйіндеді сөзін директор.

Айта кетейік, кеше елімізде ҚР Парламенті Сенатының сайлауы өткен болатын.