Орталық Тянь-Шань тауларындағы Хан Тәңірі шыңының баурайында "Хан Тәңірі-2003" атты Халықаралық 2-фестиваль басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Тянь-Шань тауларындағы Хан Тәңірі шыңының баурайында "Хан Тәңірі-2003" атты Халықаралық 2-фестиваль басталды

Орталық Тянь-Шань тауларындағы Хан Тәңірі шыңының баурайында "Хан Тәңірі-2003" атты Халықаралық 2-фестиваль басталды

Бүгін, 17-шілдеде Орталық Тянь-Шань тауларындағы Хан Тәңірі шыңының баурайында "Хан Тәңірі-2003" атты Халықаралық 2-фестиваль басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Шiлде 2003
  • 836
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласының әкімі, ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі мен ҚР армиясының орталық спорт клубының қолдауымен өткізіліп отырған «Хан Тәңірі -2003» халықаралық фестивалі 7-тамызға дейін созылады.

Фестиваль аясында құтқарушылардың Халықаралық 1-слеті өтеді. Шараның мақсаты- құтқару қызметтері арасындағы халықаралық байланысты нығайту және оны дамыту , сондай-ақ, таулы өңірлерде зардап шеккендерге жәрдемдесу, іздестіру-құтқару жұмыстарын өткізу төңірегінде тәжірибе алмасу болып табылады.
Құтқарушылардың Халықаралық 1-слетінің бағдарламасына сәйкес шілденің 21 мен 2-тамыз аралығында ТМД елдерінің өкілдері арасында экстремалды жағдайларда зардап шеккендерге жәрдем көрсетуге арналған бірлескен оқу-жаттығулар өткізіліп, құрамалар 7010 метрлік Хан Тәңірі шыңына көтеріледі.
Ал 29-шілде мен 31-шілде аралығында Хан Тәңірі шыңына көтерілуден жылдамдық бойынша жарыстар өткізілмекші. Ал тамыздың 3-5 аралығында бейнефильмдер мен слайд-шоу тамашалау, қазақ ұлттық қыз қуу және көкпар жарыстары, ұлттық өнерпаздық ұжымдар мен бардтар концерті тәрізді спорттық-ойын-сауық шаралары, сондай-ақ, Мәрмәр Қабырға шыңына шаңғымен көтерілу, Баянкөл өзеніндегі қайық жарысы, тау велосипедімен және атқа мініп қыдыру, жаяу жорықтар, ауа шарымен ұшу және тікұшақпен қыдыру тәрізді спорттық шаралар ұйымдастырылады.
«Хан Тәңірі-2003» фестивалінің қорытындысы 6-7-тамызда шығарылады.

Соңғы жаңалықтар