"Ортаңқол шығармалар": Танымал журналист С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтың туындылары туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ортаңқол шығармалар": Танымал журналист С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтың туындылары туралы

"Ортаңқол шығармалар": Танымал журналист С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтың туындылары туралы

Бұл туралы Caravan.kz. медип порталы хабарлайды. Бұл туралы ол өзінің сұхбатында айтты. "Шығармасында ол өзінің қандай адам екенін

  • 24 Шiлде
  • 44
Instagram/Alashnews.kz

Бұл туралы Caravan.kz. медип порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің сұхбатында айтты.

«Шығармасында ол өзінің қандай адам екенін ашық сипаттап береді. «Өмір мектебі» деген кітапта ол А. Байтұрсыновтың 60 жылдығын тойлайын деп жатқан кезде, бұлардың ұйымдастырып, қалталарына шіріген жұмыртқа салып, Ахмет Байтұрсынов сахнаға шыққан кезде соның бәрін лақтырғанын анық жазады.

«Ботагөз» әдеби тұрғыдан өте ортаңқол шығармашылар ғой. Ортаңқолдан да төмен. Кеңес Үкіметі кезінде шығарылған шығармалардың барлығы ортаңқол. Жылымық дәуірінен бері қарай алмағанда.

Ғ. Мүсіреповтың да, С. Мұқановтың да шығармалары сол. Әуезов бөлек тұрады, Әуезовтің керемет туындылары бар. Бірақ Әуезовті айтқан кезде біздікілер «Абай жолын» дәріптей береді. «Қараш-қараш» пен «Көксерек» олар әлемдік деңгейдегі шығармалар. Ұлы потенциал — Әуезов. Кеңес Үкіметінде өмір сүргеніне байланысты көп потенциалы ашылмай қалған.

Себебі жалтақтауға мәжбүр болды. «Өскен өркен» деген шығарма жазды, репутациясына көп нұқсан келтірген. Бірақ жазушыларды талқылау керек, құр дәріптеу емес. Оқу керек, бұлардың өмірі қилы кезеңде өмір сүрді, тағдыры қиын болды.

Әуезов — ұлы жазушы. Кеңес Үкіметі тұсында идеологиялық тұрғыдан жазушылар идеологиялық құрал болды. Оларға әдейі жақсы тұрмыс, жағдайын жасады. Дача берді. Сол тұрғыдан өмір сүрген жазушылар ертең тарих сұрыптауынан өтпейді.

Не Мүсірепов, Не Мұстафин», — деді журналист.

Перейти к новостям спорта