Орташа жалақы 82 мың теңгеге жуықтады - Батыс Қазақстан - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орташа жалақы 82 мың теңгеге жуықтады - Батыс Қазақстан

Орташа жалақы 82 мың теңгеге жуықтады - Батыс Қазақстан

Батыс Қазақстан облысында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 81993 теңгеге жетті.

  • 15 Шiлде 2011
  • 660
Фото - Caravan.kz

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жоғары еңбекақы әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында 172 мың теңгені құрап, облыстық көрсеткіштен 2,1 есеге асып түсті. Сондай-ақ құрылыста — 156,1 мың теңге (1,9 есе), өнеркәсіпте — 136,3 мың теңге (1,7 есе), қаржы және сақтандыру қызметінде 106,2 мың теңге (1,3 есеге көп) болды.

Ең төменгі жалақы өнер, ойын-сауық және демалыс саласында, мұндағылардікі облыстық көрсеткіштің 47,0 пайызын құрайды.

Облыста аумақтық жағынан алғанда, ең жоғары жалақы Бөрлі ауданында (195,0 мың теңге), бұл облыстық орта көрсеткіштен 2,4 есеге артық.

Соңғы жаңалықтар